Евразия24ЖаңалықтарИран парламенті елдегі толастамаған наразылықтар жағдайында шұғыл отырыс өткізді

Иран парламенті елдегі толастамаған наразылықтар жағдайында шұғыл отырыс өткізді

|

|

Вашингтон. 11 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Associated Press (AP) агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Иран парламенті елді қамтыған жаппай наразылықтарға байланысты шұғыл түрде жиналған. Кей деректерге сүйенсек, бұл толқулар салдарынан 100-ден астам адам көз жұмған.

Агенттік мәліметінше, парламент отырысы барысында депутаттар елде жалғасып жатқан наразылықтарды талқылаған. Бір мезетте кейбір заң шығарушылар мінберге жақындап, «Америкаға өлім!» деген ұрандар айтқан.

AP жергілікті құқық қорғау ұйымдарына сілтеме жасап, ел аумағындағы шерулер кезінде кемінде 116 адам қаза тауып, тағы 2600 адам ұсталғанын хабарлайды.

Сонымен қатар агенттік Иранда интернет пен халықаралық ұялы байланыс шектелгендіктен, нақты деректерді анықтау қиын екенін атап өтті.

Ирандағы наразылық акциялары 28 желтоқсаннан бері жалғасып келеді. Алғашында олар экономикалық қиындықтар мен ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты басталғанымен, кейіннен саяси сипат алды.

Осы апта басында АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылықтарға бақылау жасап отырғанын мәлімдеген. Ол Иранның қауіпсіздік күштері шерушілерге қарсы қару қолданса, Тегеранға жаңа соққылар беру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...