Евразия24ЖаңалықтарИран президенті елдегі ішкі саяси дағдарысқа Израиль мен АҚШ-ты айыптады

Иран президенті елдегі ішкі саяси дағдарысқа Израиль мен АҚШ-ты айыптады

|

|

Дубай. 11 қаңтар. ИНТЕРФАКС – «Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан ел экономикасын жақсартуға уәде беріп, ішкі саяси дағдарыстың туындауына Израиль мен АҚШ-ты кінәлады.

Телеарна өз сайтында: «Президент Масуд Пезешкиан әлсіреген иран экономикасын түбегейлі қайта құруға уәде берді және екі аптаға созылған, барған сайын қатаң сипат алып жатқан бүкіл елді қамтыған наразылықтардан кейін үкімет халықтың үнін естуге дайын екенін мәлімдеді», – деп жазды.

Телевизиялық сұхбатында Иран президенті елдегі «өлімге әкелген толқулардың өршуіне» АҚШ пен Израиль жауапты екенін айтты. Ол наразылыққа шыққандарды «бүлікшілер мен террористерден іргесін ажыратуға» шақырды.

Ирандағы наразылық акциялары 28 желтоқсаннан бері жалғасып келеді. Соңғы деректерге сәйкес, демонстрациялар барысында 100-ден астам адам қаза тауып, шамамен 2600 адам қамауға алынған. Алғашында бұл наразылықтар ауыр экономикалық жағдай мен ұлттық валютаның құнсыздануынан туындаған, алайда кейін саяси сипатқа да ие болды.

Осы апта басында АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылық акцияларының барысын бақылап отырғанын мәлімдеген еді. Ол ирандық қауіпсіздік күштері шерушілерге оқ атқан жағдайда, Иранға қарсы жаңа соққылар жасау мүмкіндігін жоққа шығармайтынын ескертті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...