Дубай. 4 наурыз. ИНТЕРФАКС – Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) АҚШ пен Израильге байланысты нысандарға 40 зымыранмен соққы жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы сәрсенбі күні «Аль-Арабия» телеарнасы хабарлады.
«Бірнеше сағат бұрын “Шынайы уәде-4” операциясының 17-кезеңі аясында ИРСК-тың аэроғарыш күштері АҚШ пен сионистік режимге қатысты нысандарға 40 зымыран ұшырды», – деп телеарна ИРСК мәлімдемесінен үзінді келтіреді.
Зымырандық шабуылдың өзге егжей-тегжейі жарияланған жоқ.




