Евразия24ЖаңалықтарИталиядағы Олимпиадада алтын жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров «Барыс» орденіне ұсынылады

Италиядағы Олимпиадада алтын жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров «Барыс» орденіне ұсынылады

|

|

Астана. 14 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады. Құттықтауда отандық спорт тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтын медальдің тарихи маңызы зор ірі жетістік екені атап өтілген. Президент Михаилға жоғары шеберлігі мен жеңіске деген қайсарлығы үшін алғыс білдірді», — деп жазды Смадияров сенбі күні өзінің Telegram-арнасында.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдап, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамына, Мәнерлеп сырғанау федерациясына және бейінді министрлік басшылығына атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдірген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Пентагон қуаты жоғары GBU-57 бункерге қарсы авиабомбалар қорын толықтырмақ

Пентагон өткен жылдың маусым айында Иранның жерасты ядролық нысандарына жасалған соққылар кезінде қолданылған GBU-57 үлгісіндегі жоғары қуатты басқарылатын авиабомбалардың қорын толықтыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауржан Абжановты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындады.

Астана мен Мәскеу АЭС құрылысына қатысты келісу жұмысын жалғастыруда

Қазақстан мен Ресейдің уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан аумағында атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты келісу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тұғыр шыңындағы «Tomiris»

«Tomiris» құрамасы UAE SWAT Challenge додасында әйелдер командалары арасында топ жарды. Дубайда өткен арнайы бөлімшелер арасындағы бейресми «олимпиадада» қазақстандық сарбаз қыздар жауынгерлік дайындықтың үздік үлгісін паш етті.