Евразия24ЖаңалықтарИзраиль Газа қаласын басып алу мақсатында құрлықтық шабуыл бастады

Израиль Газа қаласын басып алу мақсатында құрлықтық шабуыл бастады

|

|

Вашингтон. 16 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа қаласына құрлық арқылы шабуыл бастап, оны толық бақылауға алуды көздеп отыр. Бұл жөнінде Axios порталы израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлайды.

«Дүйсенбі күні Израиль әскері Газа қаласын басып алу мақсатында құрлықтық операцияны бастады», – делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, дүйсенбі кешкісін Израиль әскери-әуе күштері Газа қаласына жаппай әуе соққыларын жасаған. Палестина БАҚ-тарының хабарлауынша, артынан қаланың аумағына израильдік танктер кіргізілген.

Axios дерегіне сүйенсек, шабуыл АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оның кабинетінің жоғары лауазымды мүшелерімен кездесуінен бірнеше сағаттан кейін басталған.

Израильдік екі шенеуніктің айтуынша, Рубио Премьер-министрге АҚШ-тың бұл операцияны қолдайтынын, алайда оның мүмкіндігінше тез әрі қысқа мерзімде аяқталғанын қалайтынын жеткізген.

АҚШ әкімшілігінің өкілі де мәлімдеме жасап, Трамп әкімшілігі Израильді тоқтатуды жоспарлап отырмағанын және Газадағы соғысқа қатысты шешімдерді Тель-Авивтің өзі қабылдайтынын атап өткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...