Евразия24ЖаңалықтарИзраильдің Газа қаласына жасаған соққылары салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты

Израильдің Газа қаласына жасаған соққылары салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты

|

|

Дубай. 16 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Израильдің Газа қаласына бағыттаған соққылары салдарынан 60-тан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды араб бұқаралық ақпарат құралдары.

WAFA агенттігінің мәліметінше, дүйсенбі күні жасалған әуе шабуылдарының салдарынан қаза тапқандар саны 62 адамға жеткен.

Ал Al Jazeera телеарнасы Газа қаласындағы Сабра ауданында орын алған шабуыл кезінде төрт адамның мерт болғанын, сондай-ақ бірнеше адамның жараланғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Йеменнің “Аль-Масира” телеарнасы Израиль әскери-әуе күштерінің 14 тұрғын үйді, соның ішінде Газадағы ең биік ғимарат – әл-Ғафри мұнарасын, сондай-ақ мектеп, мешіт және қонақүйді жойғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Axios порталы израильдік ресми дереккөздерге сілтеме жасап, Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа қаласына құрлықтық шабуыл бастағанын хабарлаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...