Евразия24ЖаңалықтарКХДР Сеулді әуе кеңістігін бұзды деп айыптады

КХДР Сеулді әуе кеңістігін бұзды деп айыптады

|

|

Пекин. 10 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Корея Халық Демократиялық Республикасы Оңтүстік Кореяны ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы өз әуе кеңістігін заңсыз бұзды деп айыптап, жауап шараларын қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді.

КХДР Қарулы күштері бас штабының өкілі жасаған мәлімдемеде Оңтүстік Корея тарапынан «елеулі арандату әрекеті» жасалғаны айтылған. Мәлімдемені Корей орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) таратты.

Хабарламаға сәйкес, ұшқышсыз аппарат КХДР аумағында ұшу барысында бейнематериалдар түсірген.

«Бұл бейнежазбалар аталған ұшқышсыз аппараттың бақылау және барлау мақсатында республикамыздың әуе кеңістігін бұзғанын айқын дәлелдейді», – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, КХДР Қарулы күштері бас штабының өкілі өткен жылдың қыркүйек айында да Оңтүстік Корея аумағынан жіберілген ұшқышсыз аппаратқа қатысты осындай оқиға болғанын еске салды.

«Біз еліміздің егемендігіне қарсы бағытталған әуе кеңістігін бірнеше рет өрескел бұзу әрекеттерін және ашық арандатушылықты қатаң айыптаймыз», – деп атап өтілген.

Ал Оңтүстік Корея билігі КХДР тарапының бұл айыптауларын жоққа шығарды. Республика қорғаныс министрі Ан Гю Бактың Yonhap агенттігіне хабарлауынша, аталған ұшқышсыз аппараттар Оңтүстік Корея әскери құрылымдарының пайдалануында жоқ.

Оның айтуынша, КХДР жасаған мәлімдемелер «шындыққа мүлде сәйкес келмейді».

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...