Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады

Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады

|

|

Астана. 22 қазан. Интерфакс-Қазақстан. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң қабылданды.

Ұлттық экономика вице-премьер-министрі – министрі Серік Жұманғарин заң жобасын таныстыра отырып, былай деді:
«Базалық нұсқаға сәйкес, 2026 жылы нақты ЖІӨ өсімі 5,4% деңгейінде болжанып отыр, ал үш жыл ішіндегі орташа жылдық өсім 5,3% шамасында болады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылы 183,8 триллион теңгеден 2028 жылы 229,8 триллион теңгеге дейін ұлғаяды».

Қаржы министрі Мади Такиев Мәжіліс кулуарында берген түсініктемесінде үш жылдық бюджетте доллар бағамы 1 АҚШ доллары – 540 теңге деңгейінде белгіленгенін нақтылады. Базалық сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасы барреліне 60 АҚШ доллары көлемінде алынған.

Инфляция деңгейі 2026 жылы 9–11%, ал 2027–2028 жылдары 6% шамасында болады деп болжануда.

Бюджет кірістері 2026 жылы 19,2 триллион теңге көлемінде немесе ЖІӨ-нің 10,5%-ы деңгейінде, 2027 жылы – 21,2 триллион теңге, 2028 жылы – 23,2 триллион теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2026 жылы 27,7 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 15,1%-ын, 2027 жылы – 28,8 триллион теңгені немесе 14%-ын, 2028 жылы – 29,8 триллион теңгені немесе 13%-ын құрайды деп белгіленген. Бұл ретте бюджет ережелерінде бекітілген лимиттер сақталады.

Фискалдық және мұнайсыз тапшылықтың мөлшері 2026 жылы тиісінше ЖІӨ-нің 2,5%-ы және 4,9%-ы деңгейінде айқындалған, ал 2028 жылға қарай олар 0,9% және 2,7% деңгейіне дейін төмендейді деп күтілуде.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2 триллион 770 миллиард теңге көлемінде белгіленді.

Осы параметрлерді ескере отырып, мемлекеттік қарыздың көлемі 2026 жылы ЖІӨ-нің 21,4%-ы деңгейінде қалыптасып, 2028 жылға қарай 19,6%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Қабылданған құжат Қазақстан Парламентінің Сенатына қарауға жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.