Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы елдеріндегі төтенше жағдайларға бірлескен ден қою тетігіне...

Мәжіліс Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы елдеріндегі төтенше жағдайларға бірлескен ден қою тетігіне қосылуын мақұлдады

|

|

Астана. 28 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Түркі мемлекеттері ұйымының азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Аталған келісім 2024 жылғы 6 қарашада Бішкек қаласында қол қойылған.

Мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, құжаттың мақсаты – Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер мен байқаушы мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің аумағында туындауы мүмкін табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға бірлесіп ден қою тетігін қалыптастыру.

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Кеген Тұрсынбаевтің айтуынша, құжат төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласында тиімді халықаралық өзара іс-қимыл тетігін құруға бағытталған.

«Көмек зардап шеккен мемлекеттің өтініші бойынша және ерікті негізде көрсетіледі, ал көмек көрсету туралы шешімдер консенсус арқылы қабылданады», – деп атап өтті ол.

Азаматтық қорғау тетігінің негізгі функцияларына жедел ден қою, адамдардың өмірі мен мүлкін құтқару, медициналық көмек көрсету, шұғыл байланыс, мониторинг пен талдау жүргізу, уақытша паналау орындарын ұсыну, апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ алдын алу, дайындықты қамтамасыз ету және апаттарға ден қою жөніндегі білім мен тәжірибе алмасу кіреді.

Тетіктің әкімшілік жұмыс органдары ретінде министрлер кеңесі мен хатшылық айқындалған, ал хатшылықтың штаб-пәтері Стамбул қаласында орналасқан. Министрлер кеңесін Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ететін мемлекеттің төтенше жағдайлар жөніндегі ведомство басшысы басқарады.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жолданады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы сейсенбі күні қазақстандық көшбасшының баспасөз қызметі хабарлады.

Үндістанның сауда министрі АҚШ-пен сауда келісімі бойынша келіссөздер әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді

Үндістан мен АҚШ арасындағы сауда келісімі бойынша келіссөздер соңғы кезеңге жеткенімен, әзірге толық аяқталған жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні Үндістанның сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоял мәлімдеді.

АҚШ Президентінің арнайы өкілі Израиль премьер-министрімен кездесу үшін елге келді

АҚШ Президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф Израильге келді. Бұл туралы израильдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Норвегия парламенті монархияны сақтап қалуды қолдап дауыс берді

Сейсенбі күні Норвегия парламенті монархиялық басқару нысанын сақтап қалу жөнінде шешім қабылдады.