Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс Қырғызстандағы төрт шипажай нысанына меншік құқығын бекіткен заңды қабылдады

Мәжіліс Қырғызстандағы төрт шипажай нысанына меншік құқығын бекіткен заңды қабылдады

|

|

Астана. 29 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық нысандарына қатысты меншік құқығын реттеуге арналған 2006 жылғы 4 шілдеде қол қойылған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы үкіметаралық келісімді және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады.

Келісімге сәйкес, Қазақстанға төрт курорттық-рекреациялық нысанға меншік құқығы беріледі. Олардың қатарында: «Қазақстан» санаторийі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Университет» спорттық-сауықтыру лагері, «Самал» демалыс үйі,«Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы РМК-ның спорттық базасы бар.
Құжатта (база нысанын қоспағанда) аталған нысандарды төрт жыл ішінде – 2029 жылдың соңына дейін – 3 және 4 жұлдызды қонақ үй деңгейіне дейін жеткізу бойынша Қазақстан тарапына жүктелген міндеттемелердің мерзімі ұзартылғаны көрсетілген.

Хаттама Қазақстанның міндеттемелерін орындау мерзімін 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды және оларды іске асыру үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін көздейді.

Сонымен қатар, Мәжіліс Қырғызстанмен 2009 жылғы 1 желтоқсанда Астанада қол қойылған Ыстықкөл облысы Ыстықкөл ауданы аумағындағы жер телімдерін жалға беру туралы үкіметаралық келісімді және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады.

Аталған келісімге сәйкес, Қазақстан тарапы аталған төрт нысан орналасқан жер телімдерін 49 жыл мерзімге жалға алу негізінде уақытша пайдалануға қабылдаған. Бұл нысандар Қазақ КСР-і кезеңінде салынған: санаторий, екі демалыс үйі және спорттық-сауықтыру базасы.

Келісімде сонымен қатар Ыстықкөл облысындағы курорттық-рекреациялық нысандар бойынша меншік құқығын реттеу туралы келісімде белгіленген міндеттемелерді орындау қажеттігі көрсетілген. Құжатқа Қазақстан тарапының бұрын қабылдаған міндеттемелерін орындау үшін инвесторлар тартуға мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...