Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс Қытай мен Қазақстанның үш өңірінде «жасыл» электр станцияларын салу туралы келісімді...

Мәжіліс Қытай мен Қазақстанның үш өңірінде «жасыл» электр станцияларын салу туралы келісімді ратификациялады

|

|

Астана. 28 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламентінің Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, келісім аясында жалпы қуаты 1,8 ГВт болатын ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде жиынтық қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр станциясын және қуаты 0,3 ГВт бір күн электр станциясын салу жоспарланған.

Жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында іске асырылады.

«Бұл өңірлерді таңдау жел және күн энергиясының жоғары әлеуетіне, сондай-ақ жаңа қуаттарды республиканың бірыңғай энергетикалық жүйесіне біріктіруге техникалық мүмкіндіктің болуына байланысты», – деп атап өтті министр.

Оның мәліметінше, инвестициялардың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ долларын құрайды, қаржыландыру халықаралық қаржы институттары мен банктердің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстан тарапынан теңинвестор ретінде Самұрық-Энерго АҚ қатысады.

Жобалар шеңберінде 100-ден астам тұрақты және шамамен 1,5 мың уақытша жұмыс орны ашылып, жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясын қосымша өндіру қамтамасыз етіледі.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жіберіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...