Евразия24ЖаңалықтарМьянма билігі 2021 жылғы төңкерістен кейінгі алғашқы сайлауға дайындалуда

Мьянма билігі 2021 жылғы төңкерістен кейінгі алғашқы сайлауға дайындалуда

|

|

Гонконг. 31 шілде. ИНТЕРФАКС – Мьянма билігі жалпыұлттық сайлау өткізуге дайындық жүргізуде. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дауыс беру үдерісін ұйымдастыру мақсатында 11 адамнан тұратын арнайы сайлау комиссиясы құрылып жатыр.

Комиссияны Мьянма Қарулы күштерінің бас қолбасшысы әрі президент міндетін уақытша атқарушы Мин Аун Хлайн басқарады. Сайлау желтоқсан айына жоспарланған. Дауыс беру күні нақты жарияланған жоқ.

Бұл сайлау 2021 жылы ақпанда болған әскери төңкерістен кейінгі алғашқы сайлау болмақ. Аталған төңкеріс кезінде әскери билік елде төтенше жағдай енгізіп, сол кездегі президент Вин Мьин, “Ұлттық демократия лигасының” көшбасшысы Аун Сан Су Чжи және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерді 2020 жылғы парламенттік сайлау нәтижелерін бұрмалады деген айыппен қамауға алған болатын.

Сол кезден бері Мьянма халықаралық сынға ұшырады. БҰҰ, АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және Австралия ел билігін заңды сайлау нәтижелерін мойындауға және тұтқындалған азаматтық саясаткерлерді босатуға шақырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...