Евразия24ЖаңалықтарНаурызда Ормуз бұғазынан өткен танкерлердің басым бөлігі Иранға немесе оның серіктестеріне тиесілі

Наурызда Ормуз бұғазынан өткен танкерлердің басым бөлігі Иранға немесе оның серіктестеріне тиесілі

|

|

Вашингтон, 30 наурыз. ИНТЕРФАКС – Наурыз айында Ормуз бұғазынан өткен танкерлердің шамамен 80%-ы Иранға немесе онымен тығыз байланыстағы елдерге тиесілі болған. Бұл туралы Bloomberg мониторингтік деректерге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, осы кезеңде бұғаз арқылы өткен аз ғана танкердің басым бөлігі Иран немесе оған жақын мемлекеттердің кемелері болған.

Сарапшылардың деректеріне сәйкес, наурыз айында бұғаз арқылы тәулігіне екі бағытта орта есеппен алты кеме өткен. Ал Таяу Шығыстағы қақтығысқа дейін бұл көрсеткіш шамамен күніне 135 кемені құраған. Сонымен қатар аймақта радиоэлектрондық күрес құралдарының қолданылуына байланысты навигациялық деректерді беру жүйелері іркіліспен жұмыс істеген, ал кейбір кемелердің экипаждары транспондерлерін әдейі өшірген.

Наурыз айында бұғаздан өткен 110 кеменің 36%-ы Иранға қатысты санкцияланған немесе «көлеңкелі флотқа» жататын кемелер болған. Kpler компаниясының 26 наурыздағы дерегіне сәйкес, Иран тәулігіне шамамен 1,8 млн баррель мұнай экспорттаған, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 8%-ға жоғары. Ал Ирактың экспорты 80%-ға, Сауд Арабиясының экспорты 25%-дан астам төмендеген.

Сонымен қатар Иранда Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алым алуға мүмкіндік беретін заң жобасы дайындалып жатқаны атап өтіледі. Іс жүзінде мұндай тәжірибе қазірдің өзінде қолданылып келеді: Тегеран делдалдар арқылы экипаж құрамы мен жүк туралы мәлімет сұратып, кей жағдайларда төлем талап етеді.

Айта кетейік, БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы Ормуз бұғазы сияқты стратегиялық маңызы бар теңіз жолдары арқылы еркін өтуді қарастырады. Алайда бұл құжатты Иран да, АҚШ та ратификацияламаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Астанада Аралды құтқару қорының саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

Астана, 30 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов...

Ұлттық банк және инфляция

Референдумнан кейінгі Қазақстандағы келесі маңызды саяси оқиғалардың бірі — Құрылтайға сайлау болмақ. Қажетті заңдарды қабылдау және сайлауға дайындық мерзімдерін ескерсек, бұл жаздың соңы немесе күздің басына сәйкес келеді. Сонымен қатар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға сайлау науқандары да қатар өтеді. Тіпті президенттік деңгейде де қандай да бір сайлау болуы мүмкін. Бірақ қандай сайлау өтсе де, олардың нәтижесіне әсер ететін негізгі орта өзгермейді. Ол — бағаның өсуі, дәлірек айтқанда, қазақстандықтардың табысынан озып кеткен өмір сүру құнының қымбаттауы. Конституция қабылданбай тұрып-ақ Президент үкімет пен Қазақстан Ұлттық Банкі алдына экономикалық өсімді халықтың табысы мен өмір сапасының артуымен байланыстыру міндетін қойғаны бекер емес. Қазір, наурыз айының соңында, бұл мәселе ерекше өзекті.

274-бап: жалған ақпаратқа тосқауыл ма, әлде сөз бостандығына қысым ба?

Алайда азаматтардың өз пікірін ашық білдіру мүмкіндігі шектелсе, қоғам мен билік арасындағы диалог әлсірейді. Осы тұрғыда 274-бап бір жағынан жалған ақпараттың таралуына тосқауыл қою құралы ретінде қарастырылса, екінші жағынан сөз бостандығына ықпал ететін тетікке айналып отыр.

Қазақстан ТМД елдері арасында бақыт рейтингінде көш бастап тұр

Посткеңестік кеңістікте қалыптасқан тағы бір ерекшелік бар – халық түрлі дағдарыстар мен экономикалық қиындықтарға тез бейімделе алады. Кеше «қиын» болған жағдай бүгін қалыпты құбылыс ретінде қабылданады. Сондықтан Оксфорд зерттеуі негізіндегі бұл рейтингті Қазақстандағы әл-ауқаттың нақты көрсеткіші деп айту қиын.