Евразия24ЖаңалықтарНаурызда Ормуз бұғазынан өткен танкерлердің басым бөлігі Иранға немесе оның серіктестеріне тиесілі

Наурызда Ормуз бұғазынан өткен танкерлердің басым бөлігі Иранға немесе оның серіктестеріне тиесілі

|

|

Вашингтон, 30 наурыз. ИНТЕРФАКС – Наурыз айында Ормуз бұғазынан өткен танкерлердің шамамен 80%-ы Иранға немесе онымен тығыз байланыстағы елдерге тиесілі болған. Бұл туралы Bloomberg мониторингтік деректерге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, осы кезеңде бұғаз арқылы өткен аз ғана танкердің басым бөлігі Иран немесе оған жақын мемлекеттердің кемелері болған.

Сарапшылардың деректеріне сәйкес, наурыз айында бұғаз арқылы тәулігіне екі бағытта орта есеппен алты кеме өткен. Ал Таяу Шығыстағы қақтығысқа дейін бұл көрсеткіш шамамен күніне 135 кемені құраған. Сонымен қатар аймақта радиоэлектрондық күрес құралдарының қолданылуына байланысты навигациялық деректерді беру жүйелері іркіліспен жұмыс істеген, ал кейбір кемелердің экипаждары транспондерлерін әдейі өшірген.

Наурыз айында бұғаздан өткен 110 кеменің 36%-ы Иранға қатысты санкцияланған немесе «көлеңкелі флотқа» жататын кемелер болған. Kpler компаниясының 26 наурыздағы дерегіне сәйкес, Иран тәулігіне шамамен 1,8 млн баррель мұнай экспорттаған, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 8%-ға жоғары. Ал Ирактың экспорты 80%-ға, Сауд Арабиясының экспорты 25%-дан астам төмендеген.

Сонымен қатар Иранда Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алым алуға мүмкіндік беретін заң жобасы дайындалып жатқаны атап өтіледі. Іс жүзінде мұндай тәжірибе қазірдің өзінде қолданылып келеді: Тегеран делдалдар арқылы экипаж құрамы мен жүк туралы мәлімет сұратып, кей жағдайларда төлем талап етеді.

Айта кетейік, БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы Ормуз бұғазы сияқты стратегиялық маңызы бар теңіз жолдары арқылы еркін өтуді қарастырады. Алайда бұл құжатты Иран да, АҚШ та ратификацияламаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран АҚШ-қа геосаяси тәрбие беріп жатқандай

Әлсіреу кезеңін бастан өткеріп жатқан үстем державаның өзін тәрбиелеу оңай шаруа емес. Бірақ мұнымен біреу айналысуы керек. Бүгінде жаһандық геосаясат сахнасында бұл міндетті Иран өз мойнына алғандай көрінеді. Дональд Трамп басқарып отырған Вашингтон халықаралық қауымдастық үшін әлдеқашан тентек балаға айналғандай. Сондықтан Тегеранның АҚШ-ты сабасына түсіріп, жауапкершілікке шақыруға жеткілікті саяси ерік-жігері мен мүмкіндігінің болуы өзгелер үшін де маңызды. Иран тарапы келіссөздерді ең қарапайым қағидалардан бастаған сияқты. Олар Ақ үйге халықаралық құжаттағы қолтаңба жай ғана таңба емес, сонымен бірге орындалуға тиіс міндеттемелер екенін еске салуға тырысуда.

Қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс

Таразда қыз алып қашқан Алматы облысының үш тұрғыны үш жылдан бас бостандығынан айырылды. Нәтижесінде тойдың орнына сот үкімі шықты. Күткен неке қию рәсімінің орнына соттылық пайда болды, ал отбасылық өмірдің басталуының орнына жазасын өтеу кезеңі келді.

Балалы болудан бас тарту: таңдау ма, әлде әлеуметтік жағдайдың салдары ма?

Балалы болудан саналы түрде бас тарту мәселесі қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастармен тығыз байланысты. Сондықтан бұл тақырыпты талқылағанда діни ұстаным мен мемлекеттік қағидаттардың ара-жігін ажырата білу маңызды.

Airbus A380 ұшақтарында ақау анықталып, шұғыл тексеру басталды

Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Airbus A380 ұшақтарының бірқатарында қанат құрылымының элементтерінен жарықтар анықталғаннан кейін 16 әуе кемесіне шұғыл тексеру жүргізуді міндеттеді.