Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Корея воны 17 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

Оңтүстік Корея воны 17 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

|

|

Мәскеу. 23 наурыз. ИНТЕРФАКС – Дүйсенбі күні Сеулдегі сауда-саттық барысында АҚШ долларына қатысты оңтүстіккореялық вона 17 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін әлсіреді. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты инвесторлардың тәуекелден қашуы әсер етті.

Дүйсенбі күні вона 0,83%-ға арзандап, 1 доллар үшін 1517,3 вона деңгейінде жабылды. Бұл – 2009 жылғы 10 наурыздан бергі ең төменгі көрсеткіш. Ол кезде жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валюта 1 доллар үшін 1561 вонаға дейін құлдыраған болатын.

АҚШ пен Иранның өңірдегі энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасау мүмкіндігі туралы өзара қоқан-лоққы алмасуы трейдерлердің алаңдаушылығын күшейтті.

Сонымен қатар Оңтүстік Корея билігі мұнай бағасының күрт өсуінен зардап шеккендерді қолдау үшін 25 трлн вона ($16,58 млрд) көлемінде қосымша шығындарды мақұлдағаны хабарланды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев қазақстандықтарды су айдындарын тазалау экологиялық акциясына қатысуға шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысып, су айдындарының жағалауын тазалауға шақырды.

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім

ДШС және адами капиталдың сапасы Осылайша, әлемдік тәжірибе мемлекеттің, бизнестің...

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.