Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік өтпелі кеңес Йеменнің Абьян провинциясында әскери операция басталғанын жариялады

Оңтүстік өтпелі кеңес Йеменнің Абьян провинциясында әскери операция басталғанын жариялады

|

|

Дубай. 15 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Йеменнің оңтүстігін бақылауға алғанын бұған дейін мәлімдеген Сепаратистік Оңтүстік өтпелі кеңес (ОӨК) дүйсенбі күні Абьян провинциясында әскери операцияның басталғанын хабарлады, деп жазады The National басылымы.

ОӨК өкілі подполковник Мұхаммед әл-Нәжибтің айтуынша, операцияның мақсаты – «терроризм ошақтарын жою және қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету».

«Біз бұл операция арқылы Абьяндағы экстремистік топтардың жабдықтау арналарына тосқауыл қойып, олардың қайта топтасуына жол бермеуді көздейміз. Бұл өңір – Йемендегі дұшпан күштердің ұзақ уақыт бойы шоғырланған аймағы болып келді», – деді ол.

The National басылымының мәліметінше, өткен аптада ОӨК күштері бұрын халықаралық деңгейде танылған Йемен үкіметінің бақылауында болған Хадрамаут және Эль-Махра провинцияларын өз қолына алған. Кейбір деректерге сәйкес, Хадрамауттағы қақтығыстар кезінде ОӨК-ке қатысы бар жасақтардың шабуылынан кемінде 32 әскери қызметкер қаза тауып, 45 адам жараланған.

Одан кейін ОӨК жетекшісі Айдарус Касем Абдул Азиз әз-Зубейди хуситтерге қарсы операцияны бастау қажеттігін мәлімдеген. Ол ОӨК-тің оңтүстікті бақылауға алуымен хуситтердің жабдықтау жолдары үзіліп, Сауд Арабиясы басқаратын Араб коалициясымен бірлесіп Иран ықпалын жою бағытында жауапкершілікті бөлісетінін атап өткен.

Айта кетейік, әз-Зубейди – Йемен үкіметінің атқарушы органы саналатын Президенттік басқару кеңесі төрағасының орынбасары қызметін де атқарады. Сонымен қатар, ОӨК өкілдері Йеменнің оңтүстік аймақтарын бөлек мемлекет ретінде бөлуді қолдайды.

Йемендегі қарулы қақтығыс 2014 жылы басталған. Сол жылы Иран қолдайтын хуситтер ел астанасы Сана мен солтүстік өңірлердің басым бөлігін өз бақылауына алған болатын. 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясы Йемен үкіметіне қолдау көрсетіп, соғысқа араласқан. Бір мезгілде Оңтүстік өтпелі кеңеске бағынышты қарулы құрылымдарды Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) қаржыландырып, оқытып келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.