Евразия24ЖаңалықтарБельгиялықтардың 60%-дан астамы Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға көмек ретінде пайдалануға қарсы

Бельгиялықтардың 60%-дан астамы Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға көмек ретінде пайдалануға қарсы

|

|

Брюссель. 15 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Еуроодақ саммиті басталардан бірнеше күн бұрын жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, Бельгия азаматтарының 67%-ы Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға қаржылай көмек көрсету үшін пайдалануға қарсы екенін білдірген.

Бұл деректі Le Soir газеті Ipsos зерттеу компаниясы бірқатар бельгиялық БАҚ-пен бірлесіп жүргізген сауалнамаға сүйене отырып жариялады. Басылым өз мақаласында бұл нәтижелерді “Бельгия премьер-министрі Барт де Вевердің бағытына дем берген жел іспетті” деп сипаттады.

Le Soir еске салғандай, 18–19 желтоқсан күндері өтетін Еуропалық кеңес отырысы қарсаңында Барт де Вевер Ресейдің Орталық банкі активтерін Украинаға көмек ретінде пайдалану бастамасына қарсы ұстанымын өзгерткен жоқ. Бұл активтердің едәуір бөлігі Бельгия аумағында бұғатталған.

Сауалнама нәтижесі премьердің осы позициясына қоғамдық қолдаудың бар екенін көрсетеді.

Атап айтқанда, Бельгия, Италия, Болгария және Мальта елдері Украинаға қаржылай көмек көрсетудің қажеттігін жоққа шығармайды, алайда ол үшін Ресей активтерін пайдалану тәсілімен келіспейді. Бұл елдер мұндай көмек көрсету үшін Еуроодақтың бірлескен қарыз тарту механизмін қолдануды қолдайды.

Алайда бұл ұсыныстың жүзеге асу ықтималдығы төмен. Себебі, бірлескен қарызды мақұлдау үшін ЕО-ға мүше 27 елдің бірауыздан қолдауы қажет. Ал Венгрия, Словакия және Германияның өзі бұл бастамаға қарсы екенін білдірген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Volkswagen шығындарды қысқартудың тиімді жолдарын іздеуде

Германияның Volkswagen автоконцернінің бас атқарушы директоры Оливер Блюме шығындарды қысқарту үшін зауыттарды жабудан гөрі тиімдірек шешімдер бар деп есептейді.

Астанадағы инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға Үкімет резервінен 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қазақстан Үкіметі Астананың инженерлік және энергетикалық желілерін дамытуға өз резервінен 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл туралы дүйсенбі күні Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Партиялар назарына

Енді барлық партиялардың съездері өтіп, сайлауалды бағдарламалары жарияланды. Демек, сайлаушылардың таңдау жасауына мүмкіндік бар. Ал саяси партиялардың ұсынған бастамаларын, олардың қоғам мен мемлекеттің бүгінгі қажеттіліктеріне қаншалықты сай келетінін және іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігін талдамас бұрын, Eurasia24 редакциясы назар аударуға тұрарлық тағы бір маңызды мәселеге тоқталғанды жөн көреді. Өйткені сайлау науқаны қысқа мерзімде аяқталғанымен, жаңа Құрылтайға өтетін партиялардың алдағы бес жылдағы басымдықтары дәл қазір айқындалады.

Табыс өскенімен, жалақы өзгерген жоқ

Бұл жаңалық алғашында жағымды әсер қалдырғанымен, Ұлттық экономика министрлігі өзіне тиімді көрсеткішке – халықтың нақты табысының бір жыл ішінде 0,1%-ға артқанына көбірек мән берген. Ал нақты жалақы индексінің 97,7% болғаны назардан тыс қалған.