Евразия24ЖаңалықтарТрамп Иранға қарсы әскери операция сәтсіз аяқталса, жауапкершілікті Пентагон басшылығына жүктеуі мүмкін...

Трамп Иранға қарсы әскери операция сәтсіз аяқталса, жауапкершілікті Пентагон басшылығына жүктеуі мүмкін – БАҚ

|

|

ВАШИНГТОН. 2 қараша. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жаңа әскери операция сәтсіз аяқталған жағдайда, оған Пентагон басшысы Пит Хегсет пен АҚШ Қарулы күштері Штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы, генерал Дэн Кейнді кінәлі деп тануы мүмкін. The Atlantic басылымы дереккөздеріне сүйеніп, осындай мәлімет таратты. Жаңа операция Конгреске өтетін аралық сайлаудан кейін басталады деп күтілуде.

Трампқа жақын, бірақ қазіргі әкімшілік құрамына кірмейтін дереккөздердің айтуынша, президент Иранмен соғысты аяқтау мүмкін болмағаны үшін жауапкершілікті кімге жүктеу керектігін қарастырып жатыр. Ақпан айында қақтығыс басталмай тұрып, кеңесшілері Трампқа соғыс аралық сайлауға дейін әлдеқайда ерте аяқталатынын айтып, қате болжам жасаған.

Дереккөздер жауапкершілік жүктелуі мүмкін тұлғалардың қатарында соғыс министрі Пит Хегсет пен Штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы, генерал Дэн Кейн бар екенін жеткізді.

Олардың мәліметінше, Хегсет Ақ үйде айтарлықтай қолдауға ие емес. Ол Трамптың көңілінен шығу үшін жағдайды шынайы бағалаудан гөрі тым оптимистік болжамдар ұсынған.

«Хегсет президентке оның естігісі келетін сөзді айтуды жақсы біледі», – деді басылымның дереккөзі.

Осы орайда генерал Кейн аппаратының Штаб бастықтары біріккен комитетінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы, генерал-лейтенант Бретт Сильвияны қызметінен босату туралы жуырдағы шешімнен хабарсыз болғаны айтылды.

Алғашында генерал Кейннің аппараты Сильвияға ондаған жылдық әскери қызметі үшін алғыс білдірген мәлімдеме таратқан. Алайда бірнеше сағаттан кейін алдыңғы мәлімдемеде істің барлық мән-жайы толық қамтылмағанын хабарлады.

Генерал-лейтенант Бретт Сильвияға Украина мен Иранға қатысты құпия ақпаратты екі түрлі бұқаралық ақпарат құралының тілшілеріне жария етті деген айып тағылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-та республикашылдар сайлауда жеңілсе, Трамп НАТО-ны қаржыландыруды қысқартып, Ресеймен байланысын нығайтуы мүмкін

АҚШ-та өтетін аралық сайлауда Республикалық партия сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, президент Дональд Трамптың НАТО-ға қысымды күшейтіп, альянсты бұрынғыдан да қатаң сынауы мүмкін. Politico басылымының дереккөздері хабарлағандай, НАТО елдері осындай жағдайға дайындалып жатыр.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасының орындалуын мемлекеттік комиссия бақылайтын болады

Президент 28 қазанда жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу және жаңғырту көзделген. Атап айтқанда, өңірлерде денсаулық сақтау саласына қарасты 70-ке жуық нысан, сондай-ақ білім беру, спорт және мәдениет салаларына арналған 50 шақты мекеме салынып, жаңғыртылады.

РФММ асханасын тексеру кезінде стафилококк пен ішек таяқшасы анықталды

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 48 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет екі аптаға жуық тексеру жүргізді. Нәтижесінде мектеп асханасынан стафилококк пен ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

Тоқаев Ресейді ТМҰ+ құрамына қосуды ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы дер кезінде көтеріліп отыр. Оның негізінде ортақ тарих, мәдени дәстүрлер мен тілдік туыстықтан әлдеқайда ауқымды алғышарттар жатыр.Түркі мемлекеттері Ресей тікелей қатысатын немесе экономикалық тұрғыдан мүдделі серіктес ретінде атсалысатын ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.