Евразия24Таңдаулы жаңалықтар«Халықтық құрылыс» бағдарламасының орындалуын мемлекеттік комиссия бақылайтын болады

«Халықтық құрылыс» бағдарламасының орындалуын мемлекеттік комиссия бақылайтын болады

|

|

ҚазТАГ хабарлайды: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды. «28 қазандағы жыл сайынғы Жолдауымда жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Оның құрамына бірқатар салалық ведомстволардың басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, еріктілер мен журналистер кіреді», – деп Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды».

 

Еуразия24 пікірі:

Президент 28 қазанда жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу және жаңғырту көзделген. Атап айтқанда, өңірлерде денсаулық сақтау саласына қарасты 70-ке жуық нысан, сондай-ақ білім беру, спорт және мәдениет салаларына арналған 50 шақты мекеме салынып, жаңғыртылады. Үкімет жыл соңына дейін нақты нысандардың тізбесін бекітуі тиіс. Бағдарламаны негізінен мемлекет қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу мен жаңғыртуға 6,5 трлн теңге бөлінеді. Президент бағдарламаның «халықтық» деп аталуын оның ел игілігіне бағытталуымен және нәтижесін бақылауға қоғамның қатысуымен түсіндірді.

Президент ұсынған комиссия құрамы бақылаудың бірнеше деңгейін бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік береді. Салалық ведомстволардың өкілдері қаржылық және жобалық құжаттаманы тексерсе, депутаттар бюджет қаражатының игерілуін қадағалай алады. Ал қоғам өкілдері мен журналистер шығындардың ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етіп, жергілікті белсенділер мен еріктілер құрылыс жұмыстарының барысын тікелей бақылай алады.

Алайда комиссия жұмысының тиімділігі оның құрамына қанша және қандай өкілдердің енгенінен гөрі, оларға берілетін өкілеттіктер мен бақылау тетіктеріне байланысты болмақ. Комиссия мүшелерінің сметаларға, келісімшарттарға, мердігерлер туралы мәліметтер мен орындалған жұмыстардың актілеріне қол жеткізуі бір бөлек те, ара-тұра жиналыс өткізіп, өзгелердің есебін тыңдаумен шектелуі мүлде басқа мәселе.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

РФММ асханасын тексеру кезінде стафилококк пен ішек таяқшасы анықталды

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 48 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет екі аптаға жуық тексеру жүргізді. Нәтижесінде мектеп асханасынан стафилококк пен ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

Тоқаев Ресейді ТМҰ+ құрамына қосуды ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы дер кезінде көтеріліп отыр. Оның негізінде ортақ тарих, мәдени дәстүрлер мен тілдік туыстықтан әлдеқайда ауқымды алғышарттар жатыр.Түркі мемлекеттері Ресей тікелей қатысатын немесе экономикалық тұрғыдан мүдделі серіктес ретінде атсалысатын ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Сербиядағы жастар жеңісі: саяси өзгерістердің соңы не болмақ?

Британдық The Guardian басылымының Белградтан дайындаған репортажын «Бұл – Еуропа үшін маңызды нышан» деп атауы кездейсоқ емес. Жеңісті тойлауға көшеге ондаған мың адам шықты. 24 жастағы Сара журналистерге күні кеше полиция шерушілерді күшпен таратқан жерде енді олардың жеңімпаз ретінде тұрғанын айтып берді. Еуропа басшылары да қуаныштарын жасырмады.

Қытай тәжірибесі және Қазақстанның даму келешегі

 Қытайда жаңғырудың басты мақсаты – бүкіл халықтың тұрмысын жақсартып, ортақ игілікке қол жеткізу. «Қытай тәжірибесін сол күйінде қайталау міндет емес. Ең бастысы – оның тиімді тұстарын өз қажетімізге жарата білу», – деді саясаттанушы Юрий Булуктаев. «Әділетті Қазақстанды құру және Қытайдың жаңғыру тәжірибесі: жаңа «алтын отызжылдыққа» қадам» атты ғылыми конференцияға қатысқан сарапшылар Қытайда тиімділігі дәлелденген, Қазақстанда да қолдануға болатын көптеген тәсілді ортаға салды. «Даму – барлық түйткілдің шешімін табуға жол ашатын алтын кілт», – деді Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Су Фанцю. Дипломат өз баяндамасында елді жаңғырту Қытай мен Қазақстан үшін бірдей маңызды міндет екенін атап өтті.