Евразия24ЖаңалықтарПалестинаны қолдаушы белсенділер Газа секторына бет алған кемелерге дрондар шабуыл жасады деп...

Палестинаны қолдаушы белсенділер Газа секторына бет алған кемелерге дрондар шабуыл жасады деп мәлімдеді

|

|

Иерусалим. 24 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Газа секторына гуманитарлық жүк жеткізбек болған флотилия кемелерінде жүрген белсенділер Грекия жағалауларына жақын маңда белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА) тарапынан шабуыл жасалды деп хабарлады, деп жазады The Jerusalem Post газеті сәрсенбі күні.

Белсенділердің айтуынша, түнгі уақытта флотилия үстінен 15 дрон төмен биіктікте ұшып өткен. Сондай-ақ олар он кеменің әрқайсысына белгісіз заттар тасталғанын мәлімдеп отыр.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар флотилия өкілі кемелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін радиожиіліктерде бөгеттер пайда болғанын, бұл коммуникацияға кедергі келтіргенін атап өтті. Оның айтуынша, байланыс арналары арқылы шведтік ABBA тобының әндері ойнатылған.

Грекияның жағалау күзеті апат сигналы жөнінде ешқандай мәлімет таратқан жоқ. Израиль билігі де белсенділердің бұл мәлімдемесіне қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Айта кетейік, биыл маусым айында да белсенділер Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге талпыныс жасаған еді. Алайда Израиль тарапы ол миссияға рұқсат бермей, флотилия құрамындағы швед белсендісі Грета Тунбергті елінен депортациялаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...