Евразия24ЖаңалықтарПрезиденттің баспасөз хатшысы: Үкіметтегі тағайындаулар – стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған ротация

Президенттің баспасөз хатшысы: Үкіметтегі тағайындаулар – стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған ротация

|

|

Астана, 29 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан үкіметіндегі соңғы кадрлық өзгерістерді мемлекеттің басым бағыттарындағы жұмысты күшейтуге бағытталған қалыпты кадрлық ротация деп атады Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

«Ақпарат құралдары өкілдерінің кадрлық өзгерістерге қатысты сауалдарына байланысты мынаны атап өткім келеді: бұл – қалыпты кадрлық ротация. Мақсат – мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарында тиімділікті арттыру», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Пресс-хатшының айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында ұлттық экономикаға қосымша инвестиция тартуды басты міндеттердің бірі ретінде белгілеген. Бұл маңызды бағытқа жауапкершілік тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртлеуге жүктелді.

«Президент көмекшісі ретінде ол шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен және ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен тікелей жұмыс істеп, инвестициялық және сауда ынтымақтастығын жедел дамытуға ықпал ететін болады», – деді Желдібай.

Цифрлық даму және жасанды интеллект жөніндегі министр – вице-премьер Жаслан Мадиевке, Тоқаев Жолдауында қойылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін жүзеге асыру жүктелді. Баспасөз хатшысының айтуынша, Президент оған стратегиялық мәні бар бұл бағыт бойынша алдағы жауапты жұмысты егжей-тегжейлі түсіндірген.

Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалған Жұлдыз Сүлейменова, Желдібайдың айтуынша, білім беру саласында үлкен тәжірибесі бар және азаматтық қоғамда белсенділігімен танылған тұлға.

Атап өтсек, қыркүйек айында құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін дүйсенбі күні 42 жастағы Жаслан Мадиев басқарды. Ол бұған дейін, 2024 жылғы мамырдан бастап, осы жаңа ведомство негізінде қайта құрылған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарған болатын.

Өткен аптада 2023 жылғы сәуірден бері Сыртқы істер министрлігін басқарған Мұрат Нұртлеу Президенттің халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған еді.

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі қызметінде 2023 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеген Ғани Бейсембаевтың орнына келді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.