Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Армениямен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Армениямен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

|

|

АСТАНА. 15 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбі күні хабарлады.

Аталған келісім 2024 жылғы сәуір айында Ереван қаласында қол қойылған.

Құжат екі елдің көші-қон саласындағы ынтымақтастығын, сондай-ақ бір тарап азаматының екінші тарап аумағындағы құқықтарын қорғау шараларын қамтиды. Сонымен қатар тараптар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемелерге сәйкес жүзеге асыру көзделеді.

Келісім уәкілетті органдар арасындағы үйлестіру тәртібін енгізіп, қос азаматтықпен күресуге, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге мүмкіндік береді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.