Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан азаматтардың сапары мен тұру тәртібі туралы Армениямен келісімді ратификациялады

Қазақстан азаматтардың сапары мен тұру тәртібі туралы Армениямен келісімді ратификациялады

|

|

АСТАНА. 15 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен мемлекет аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбі күні хабарлады.

Аталған келісімге 2024 жылғы сәуір айында Ереван қаласында қол қойылған.

Құжат екі тарап азаматтарына өзара мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап 90 тәулікке дейінгі мерзімге екінші тараптың аумағына кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, еркін жүріп-тұруға және уақытша болуға құқық береді. Бұл сапарлар келісімде көрсетілген жарамды құжаттардың бірі негізінде жүзеге асырылады.

Осы келісім аясында шет елге шығуға жарамды құжаттар тізбесі кеңейтілді. Енді Қазақстан азаматтары үшін – жеке куәлік, ал Армения азаматтары үшін – жеке сәйкестендіру картасы шекарадан өтуге жарамды құжат ретінде танылады. Бұл ретте қазақстандықтар Армения аумағында ішкі құжатпен жүріп-тұра алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек Ресей мен Қырғызстанға бару кезінде қарастырылған еді.

Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода бұған дейін айтқандай, келісім тараптар азаматтарының тіркеусіз 90 күнге дейін болуына мүмкіндік береді. Бұл мерзім алты ай ішінде жиынтық есеппен 90 күннен аспауы тиіс. Белгіленген уақыт өткеннен кейін азаматтар ел аумағында әрі қарай болу үшін уақытша тұруға рұқсат алуға міндетті. Мұндай рұқсат жұмыс, оқу, емделу, отбасымен қайта қосылу немесе кәсіпкерлік қызметті жүргізу сынды негіздер бойынша беріледі.

Оның айтуынша, бұл келісім азаматтардың сапарларын құқықтық тұрғыда реттеп, мемлекеттер арасындағы көші-қон тәртібін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Депутаттың дерегіне сәйкес, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанға Армениядан шамамен 12 мың азамат келген, ал 10 мыңнан астамы елден шыққан. Қазіргі таңда Қазақстанда 1 714 Армения азаматы тұрақты тұруға рұқсатпен өмір сүруде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.