Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Холокосттың миллиондаған құрбандарының рухына тағзым етеді

Қазақстан Холокосттың миллиондаған құрбандарының рухына тағзым етеді

|

|

Астана. 27 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАХСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күніне орай Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады. Бұл туралы сейсенбі күні Қазақстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Өз жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Холокост жылдарында қаза тапқан миллиондаған жазықсыз құрбандардың рухын құрметтейтінін атап өтті.

«Этностық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісін қатаң айыптай отырып, еліміз адамзатқа қарсы мұндай қылмыстардың қайталануына жол бермеу бағытындағы халықаралық қоғамдастықтың бірлескен күш-жігерін қолдайды», – делінген баспасөз қызметі таратқан жеделхаттан үзіндіде.

Сондай-ақ Тоқаев «Холокост жылдарында эвакуацияланған көптеген еврейлер үшін Қазақстан пана болды, ал бүгінде еврей қауымы қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналды» деп атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...