Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Мәжілісі Армениямен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Мәжілісі Армениямен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

|

|

АСТАНА. 3 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Аталған келісім 2024 жылғы сәуірде Ереван қаласында қол қойылып, екі мемлекет арасындағы көші-қон саласындағы өзара іс-қимылды көздейді. Құжатта бір тарап азаматтарының екінші тарап аумағындағы құқықтарын қорғау, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-әрекет тетіктері қарастырылған. Барлық шаралар тараптардың ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қорытындысында айтылған.

Құжатты депутаттарға таныстырған Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың айтуынша, келісімді ратификациялау қос азаматтықпен күрес тиімділігін арттыруға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге, көші-қон саласындағы жедел ақпарат алмасуды жолға қоюға мүмкіндік береді. Қабылданған заң енді Парламент Сенатының қарауына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...