Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Мәжілісі Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Мәжілісі Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

|

|

АСТАНА. 12 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мәжілістің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында депутаттар «Цифрлық кодекс» жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, құжат цифрлық құқықтық тәртіптің негізгі бағыттарын қамтиды: цифрлық мемлекет архитектурасынан бастап, деректерді реттеу, цифрлық құқықтарды қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге дейін.

Депутаттың мәлімдеуінше, Кодекстегі маңызды жаңалықтардың бірі – цифрлық құқықтар ұғымының енгізілуі. Олар – айналымдағы цифрлық құқықтар мен утилитарлық цифрлық құқықтар. «Бұл норма нақты секторды токенизациялау мен цифрлық активтер нарығын дамытудың құқықтық негізін қалайды», – деді ол.

Сонымен қатар, цифрлық деректердің айналымы үшін құқықтық режим енгізіледі. Деректер алғаш рет жазба түрінде құқық объектісі ретінде танылады. Бұл оларға экономикалық құндылық береді және азаматтық айналымда қолдануға мүмкіндік туғызады.

«Кодекс цифрлық ортадағы адамның негізгі құқықтарын қамтиды – ұмытылу құқығы, ақпаратқа қол жеткізу құқығы, цифрлық бірегейлікті қорғау және құпиялыққа құқық. Аутентификация мен идентификацияның құқықтық режимі күшейтіледі, оның ішінде көпфакторлы және биометриялық тәсілдер де бар», – деді депутат.

Құжатта цифрлық жүйелерді тексерудің үш деңгейлі аудит жүйесі енгізіледі: функционалдық аудит жүйелердің мақсаттары мен нақты функцияларының сәйкестігін, әсіресе жасанды интеллект жүйелерін бағаласа, киберқауіпсіздік аудиті – жүйенің қауіптерге төзімділігі мен деректердің қорғалуы және архитектуралық сенімділігін бағалайды. Ал реттеушілік аудит ішкі саясаттың кодекс талаптарына сәйкестігін және қолданыстағы заңнамамен үйлесімділігін қадағалайды. Мұндай тәсіл цифрлық мемлекеттің ашықтығын, бақылануын және қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұдан бөлек, Кодексте цифрлық делдалдарды – еңбек платформалары, маркетплейстер, қызмет агрегаторлары мен әкімшілік цифрлық сервистерді құқықтық тұрғыда реттеу тетіктері ұсынылған. Сонымен бірге, алғаш рет «цифрлық дәлелдемелер» ұғымы енгізіліп отыр. Бұл жазбалар, логтар мен транзакцияларды азаматтық құқықтық қатынастар мен сот процестерінде заңды маңызы бар дереккөз ретінде пайдалануға жол ашады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.