Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті 29 шілдеде Түркияға ресми сапармен барады

Қазақстан Президенті 29 шілдеде Түркияға ресми сапармен барады

|

|

АСТАНА. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 шілдеде Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі жұма күні хабарлады.

Ресми ақпаратта: «29 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкара қаласына ресми сапармен барады», – делінген.

Сапар аясында Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған мемлекет басшыларының келіссөздері өтеді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысына төрағалық етеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...