Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы заңға...

Қазақстан Президенті ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды

|

|

Астана. 17 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісімге 2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында қол қойылған.

Келісімнің негізгі мақсаты — ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақстандық тауарларды Моңғолия нарығына ілгерілету үшін қолайлы жағдай қалыптастыру.

Құжатта тарифтік міндеттемелер көзделген. Атап айтқанда, тараптар тауарлардың шектеулі тізбесі бойынша еркін сауда режимін енгізеді, импорттық кедендік баждарды төмендету немесе алып тастау қарастырылады. Сонымен қатар, 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім нормаларына сәйкес ұлттық режимді қолдану құқығы бекітілген.

Сондай-ақ келісім тараптардың техникалық реттеу, санитариялық және фитосанитариялық шараларды Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаларына сәйкес қолдануын міндеттейді.

Бұған дейін Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшукова келісім 367 тауар позициясы бойынша импорттық кедендік баждарды алып тастауды көздейтінін, оның үш жыл мерзімге жасалып, автоматты түрде тағы үш жылға ұзартылатынын мәлімдеген болатын. Ал алғашқы үш жылдық кезең аяқталғаннан кейін толыққанды еркін сауда туралы келісім жасау жөніндегі келіссөздер басталатыны жоспарланып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ДДҰ Таяу Шығыс елдеріне шұғыл көмек үшін 30 млн доллардан астам қаржы бөлуді сұрады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мүше мемлекеттерді Парсы шығанағы аймағындағы қақтығыстан зардап шеккен елдерге жедел көмек көрсету үшін 30,3 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуге шақырды.

SpaceX IPO барысында 2 трлн доллардан жоғары бағаланбақ

SpaceX компаниясы алғашқы жария орналастыру (IPO) кезінде 2 трлн АҚШ долларынан жоғары бағалануды қол жеткізуді көздеп отыр.

Кувейт пен Катар радиацияның таралуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Кувейт Ұлттық гвардиясы әлеуметтік желілерде тараған радиацияның таралуы туралы мәліметтерді жоққа шығарды. Осындай мәлімдеме Катар тарапынан да жасалды.

Ұлыбритания Кувейтке Rapid Sentry әуе қорғанысы жүйесін орналастырады

Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармер Кувейттың тақ мұрагері Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесіп, ел аумағында британдық Rapid Sentry әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру мәселесін талқылады.