Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті ОПЕК халықаралық даму қорымен келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті ОПЕК халықаралық даму қорымен келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

|

|

Астана. 17 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасындағы жекеменшік сектордағы операцияларды ұйымдастыру жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған келісім Қазақстанда қаржылық ынтымақтастықты ынталандыруға және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Ол ОПЕК халықаралық даму қорының қарыздарына, кепілдіктеріне және өзге де қаржылық құралдарына қол жеткізуге жәрдемдесетін тұрақты институционалдық негіз қалыптастыруды көздейді.

Келісім ұзақ мерзімді қаржыландыруды, инвестицияларды қорғауды және ынтымақтастықтың икемді шарттарын қамтамасыз етеді. Құжатқа сәйкес, пайыздық мөлшерлемелер жылдық 2,5%-дан 5%-ға дейінгі аралықта белгіленген, жеңілдік кезеңі 6 айдан 24 айға дейін қарастырылған. Қарыз алу мерзімі 22 жылға дейін жетуі мүмкін.

Келісім ОПЕК халықаралық даму қорының Қазақстан аумағындағы толық құқықтық дербестігін айқындайды. Атап айтқанда, қор келісімшарттар жасасуға, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті иеленуге және иеліктен шығаруға, сондай-ақ сот процестеріне қатысуға құқылы.

Сонымен қатар, қор қаржыландырудың мақсаттылығын дербес айқындай алады және қор активтері мен табыстарын тікелей салықтардан босату шарттарын белгілеу, сондай-ақ қор мен бенефициарлар үшін қаражатты еркін айырбастау және аудару кепілдіктерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Келісімде қордың артықшылықтары мен иммунитеттері де бекітілген. Қор активтері құзыретті юрисдикция сотының түпкілікті, шағымдануға жатпайтын шешімі шыққанға дейін тінту, экспроприациялау, өндіріп алу немесе мәжбүрлеп орындату шараларының кез келген түрінен қорғалады.

Қор құрылғаннан бергі 49 жыл ішінде әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жобаны іске асыруға 30 млрд АҚШ долларынан астам қаражат бөлген. Орталық Азия елдеріне 20 жыл ішінде 1,4 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салынған.

Қор қызметінің негізгі бағыттарына инфрақұрылымды салу және дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергетикалық өтпелі кезеңді қолдау, цифрландыру, инновациялар, сондай-ақ шағын және орта бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жатады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Президенті ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Қазақстан 2029 жылға дейін астықты терең өңдеу бойынша 1,9 трлн теңгеге алты инвестициялық жобаны іске асырады

Қазақстан алдағы жылдары астықты терең өңдеу саласында жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын алты инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан алдағы үш жылда майлы дақылдарды өңдеу бойынша 94 млрд теңгеге 13 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр

Қазақстанда алдағы үш жыл ішінде майлы дақылдарды өңдеу саласында жалпы құны 94 млрд теңгені құрайтын 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Қазақстан ЖІӨ-дегі мұнай-газ секторының үлесін біртіндеп төмендетеді

Орта мерзімді перспективада мұнай-газ өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі біртіндеп азайып, бұл үдеріс өңдеуші өнеркәсіптің озыңқы дамуы есебінен өтеледі.