Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Қытайда CNNC өкілдерімен кездесу өткізеді

Қазақстан Президенті Қытайда CNNC өкілдерімен кездесу өткізеді

|

|

Астана. 2 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясының басшылығымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Президенттің айтуынша, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен келіссөздер барысында атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде қытайлық технологияларды тарту және білікті мамандар даярлау мәселелері жан-жақты талқыланған.

“Біз бұл салада екі елдің стратегиялық серіктеске айналуы қажет деген ортақ пікірге келдік. Осы бағыттағы жұмыстарға CNNC компаниясын тартуды жоспарлап отырмыз. Бүгін мен осы компания басшылығымен жеке кездесу өткізетін боламын”, – деді Тоқаев Бейжіңде өткен Іскерлік кеңестің 8-отырысында.

Атом энергетикасы кластері аясында елімізде үш атом электр станциясын салу көзделген. Үкіметтің мәліметінше, екінші және үшінші АЭС-ті Қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы салуы мүмкін.

Ал бірінші АЭС-ті Балқаш көлі маңында “Росатом” салады. Ресейлік мамандар 2025 жылдың 8 тамызында Алматы облысы Үлкен ауылы маңында салынады деп жоспарланған алғашқы атом электр станциясының орнында барлау ұңғымасын бұрғылау және топырақ үлгілерін алу жұмыстарын бастап кетті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...