Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті «Трансалтай диалогы» бастамасын қолдады

Қазақстан Президенті «Трансалтай диалогы» бастамасын қолдады

|

|

Астана, 1 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Трансалтай диалогы» бастамасын болашағы зор жоба деп бағалады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Кең аумағы, халық саны және экономикалық әлеуеті тұрғысынан ерекшеленетін Еуразияның “алтайлық” өңірінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолияны біріктіретін “Трансалтай диалогын” орнату бастамасы келешегі мол бағыт ретінде қарастырылады», – деді Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде сөйлеген сөзінде.

Президенттің айтуынша, ауқымды жоспарлар мен жобаларды іске асыру үшін елдер арасындағы көлік байланысын әрі қарай дамыту және транзиттік-тарифтік саясатты үйлестіру қажет.

«Бұл мәселелер ШЫҰ аясында қараша айында Ақтау қаласында өтетін алғашқы порттар мен логистикалық орталықтар басшыларының форумының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.

Транзит-көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайту жайында сөз қозғаған Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының зор әлеуетіне тоқталды. Оның айтуынша, бұл бастамаға 150-ден астам мемлекет қолдау білдіріп отыр.

«Ауқымды сауда-логистикалық операциялар жүргізілетін “Бір белдеу, бір жол” бағыты бойынша қатысушы елдер жыл сайын 1,5 трлн долларға дейін кіріс таба алады. Сонымен қатар “Солтүстік – Оңтүстік”, “Шығыс – Батыс” дәліздері мен Транскаспий халықаралық көлік бағыты да зор мүмкіндікке жол ашады», – деді Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.