Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті жеке деректерді қорғауды күшейтіп, киберқылмысқа қарсы күрес тәсілдерін қайта қарауға...

Қазақстан Президенті жеке деректерді қорғауды күшейтіп, киберқылмысқа қарсы күрес тәсілдерін қайта қарауға шақырды

|

|

Астана. 26 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке деректердің жиі таралуы жағдайында оларды қорғауды жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігін және жалпы киберқылмысқа қарсы күрес әдістерін түбегейлі қайта қарау керек екенін айтты.

«Ақпараттық кеңістікте азаматтардың жеке деректерінің таралу жағдайлары жиілеп кетті. Жеке мәліметтерді барынша қорғау үшін бұл жұмысты жүйелі негізде жүргізу қажет», – деді Мемлекет басшысы дүйсенбі күні Астанада Бас прокуратурада өткен кеңесте.

Сондай-ақ Президент киберқылмысқа қарсы іс-қимыл тәсілдерін түбегейлі қайта қараудың маңызын атап өтті.

«Әлемде киберқылмыстың ауқымы кеңейіп келеді, оның құрбаны жыл сайын мыңдаған қазақстандық болып отыр. Қазіргі таңда онлайн-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың тек әрбір бесіншісі ғана ашылады, бұл өте төмен көрсеткіш. Киберқылмысқа қарсы күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық саладағы сын-қатерлерге жауап беру үшін құқық қорғау органдары алдын ала әрекет етуі тиіс. Инновациялық тұрғыда ойлау қажет, бұл мәселеде кейін қалуға жол берілмейді», – деп атап өтті Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.