Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды

|

|

Астана. 15 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған отандас спортшыларды құттықтады.

«Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісті жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Торехан Сабырхан, Наталья Богданова және Айбек Оралбай сияқты керемет спортшылар жалғастырды», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Президент бұл додада отандас былғары қолғап шеберлерінің өнерін жалпы алғанда сәтті деп бағалады. Сонымен қатар, ол АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықты жалғастыру қажеттігін атап өтті және спортшыларға алдағы уақытта да табыс тіледі.

Ливерпульдегі әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Құрама спортшылары жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп: АҚШ пен Иран арасындағы ахуал Хаменейды алаңдатуы тиіс

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы қазіргі шиеленіс Иранның жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Али Хаменеи үшін елеулі қауіп факторы екенін мәлімдеді.

Польшада Қорғаныс министрлігінің қызметкері шетелдік барлауға қатысы бар деген айыппен ұсталды

Польша Республикасының ұлттық қорғаныс министрлігі қызметкеріне шетелдік барлау қызметінің мүддесінде әрекет етті деген айып тағылды.

Трамптың ядролық қаруды бақылау жөніндегі келесі қадамдары әзірге белгісіз

АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық қаруды бақылау мәселесіне қатысты алдағы қадамдарын өзі қолайлы деп санайтын уақытта түсіндіретін болады.

Сәрсенбі күні Dow Jones индексі өсті, ал S&P 500 мен Nasdaq төмендеді

АҚШ-тың қор нарықтары сәрсенбі күнгі сауда-саттықты әртүрлі бағытта аяқтады. Инвесторлар макроэкономикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін бағалады.