Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан ШЫҰ Даму банкінің құрылуына қатысуға дайын және АХҚО базасында ұйым кеңсесін...

Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің құрылуына қатысуға дайын және АХҚО базасында ұйым кеңсесін ашуды ұсынды

|

|

Астана, 1 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Даму банкін құру жөніндегі Қытай бастамасына қолдау білдіріп, елдің бұл жобаға қатысуға әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Қытайдың ШЫҰ Даму банкін құру туралы бастамасын қолдайды және бұл келешегі зор жобаны іске асыруға қатысуға дайын», – деді Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы сонымен қатар Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) негізінде перспективті инвестициялық жобаларды сүйемелдейтін ШЫҰ кеңсесін ашуды ұсынды.

«АХҚО базасында ШЫҰ-ның болашағы зор инвестициялық жобаларын қолдайтын және заңгерлік, консалтингтік, қаржылық компаниялардың жұмысын үйлестіретін арнайы кеңсе ашуды ұсынамыз», – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту – ұйым аясындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол ШЫҰ-ның әділ және еркін халықаралық сауданы ілгерілетуге бағытталған нақты қадамдарын қолдайтынын және санкциялық қысым құралдарын пайдалануға қарсы екенін жеткізді.

«ШЫҰ құрылғаннан бері ұйымға мүше елдердің әлемдік ішкі жалпы өнімдегі үлесі екі есе артып, 30 пайызға жетті. Өңірлік сауда айналымы да айтарлықтай ұлғайып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша $650 миллиардтан асты. Қазақстанның ШЫҰ елдерімен арадағы тауар айналымы да тұрақты өсіп келеді – былтыр оның көлемі $70 миллиардқа жуықтады», – деді Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.