Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Үкіметі 2026 жылы геологиялық барлау жобаларына резервтен 40,7 млрд теңгеден астам...

Қазақстан Үкіметі 2026 жылы геологиялық барлау жобаларына резервтен 40,7 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

|

|

Астана. 23 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Үкіметі 2026 жылы кешенді геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруға резервтен 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлетін болды. Бұл туралы Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті қаулыға дүйсенбі күні республика Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойған.

«Қаражат 1:50 000 ауқымындағы екінші буын геологиялық түсірілімнің (ГС2-50) 20 жобасын іске асыруды бастауға бағытталады. Жұмыстар шамамен 100 мың шаршы шақырым аумақты қамтиды, бір учаскенің орташа көлемі 5 мың шаршы шақырымға жуық», — делінген хабарламада.

ГС2-50 бағдарламасы заманауи геофизикалық, қашықтан зондтау және геохимиялық зерттеу әдістерін қолдануды, сондай-ақ деректерді цифрлық өңдеуді көздейді. 2026 жылы аэрогеофизикалық және далалық жұмыстар, соның ішінде геохимиялық зерттеулер, шурфтар мен орлар қазу жоспарланған. Далалық маусым қорытындысы бойынша алынған сынамаларға алдын ала зертханалық талдау жүргізіледі.

Анықталған және бұрын белгілі кенді аймақтарды, сондай-ақ перспективалы алаңдарды арнайы зерттеуге, рудалы өрістерді бағалап, болжамды ресурстарын есептеуге ерекше назар аударылады. Алынған деректер кейінгі кезеңдегі егжей-тегжейлі іздестіру және барлау жұмыстарын жүргізуге негіз болады.

Геологиялық түсірілім Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарын, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарын қамтиды.

Бұдан бөлек, Шу-Сарысу және Солтүстік Торғай мұнай-газға перспективалы, бірақ жеткіліксіз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында 2D форматындағы алты сейсмикалық барлау жобасын іске асыру көзделген. Қазіргі геологиялық зерттелу деңгейі олардың мұнай-газға қанықтылығын және көмірсутек ресурстық әлеуетін нақты бағалауға мүмкіндік бермейтіні атап өтілген. Сейсмикалық барлау жүргізу мұнай мен газ кен орындары шоғырлануы мүмкін құрылымдарды анықтауға және олардың әлеуетті қорын бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық жобаларды 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, үш жылдық кезеңде мемлекеттік геологиялық зерттеулерге шамамен 240 млрд теңге (шамамен 500 млн доллар) қарастырылған.

Үкіметтің мәлімдеуінше, бағдарламаны іске асыру ел аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыруға, перспективалы учаскелерді анықтауға және Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толықтыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

23 ақпандағы ресми бағам — 1 доллар үшін 494,66 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстандағы жаңа Конституция жөніндегі референдумға шамамен 12,6 млн бюллетень дайындалады

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс беру үшін 12 586 413 бюллетень дайындалады.

Қазақстанда референдумға арналған 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі ашылады

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс беру үшін 10 мың 411 учаске ашылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов мәлімдеді.

ЕО СІМ басшылары Ресейге қарсы 20-санкциялар пакетін талқылайды

Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Ресейге қарсы дайындалып жатқан 20-санкциялар пакетін талқылайды, алайда бұл мәселе бойынша жақын арада нақты нәтижеге қол жеткізу қиын болуы мүмкін.

АҚШ Мексика әскеріне «Халиско жаңа буын картелі» жетекшісін ұстау операциясында қолдау көрсетті

АҚШ мексикалық әскерилерге наркобарон, «Халиско жаңа буын картелі» басшысы Немесио Осегера Сервантесті ұстау операциясын жүргізуге көмектескен.