Астана. 14 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауржан Абжановты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Абжанов Бауржан Садықұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды», — делінген Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Тағайындауға дейін Бауржан Абжанов Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған.




