Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда айналымы 62 млрд теңгеден асатын 130 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды

Қазақстанда айналымы 62 млрд теңгеден асатын 130 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды

|

|

Астана. 28 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда жалпы айналымы 62 млрд теңгеден асатын 130-дан астам заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Табыстарды заңдастыру және көлеңкелі криптооперациялар арқылы капиталды заңсыз шығару елеулі проблемаға айналды. Қазіргі таңда айналымы 62 миллиард теңгеден асатын 130-дан астам заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды. Осы істер аясында 2,6 миллиард теңгеге мүлікке тыйым салынды», – деді Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен кеңесте.

Президент әлеуметтік желілерде криптовалютаға ақша айырбастау жөніндегі жарнаманың әлі де белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Демек, мәселе толық шешілген жоқ. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, еліміз шығарылған капитал көлемі бойынша алдыңғы қатарда тұр. Соған қарамастан, мұндай қылмыстар үшін сотталғандар іс жүзінде жоқ. Капиталдың заңсыз сыртқа кетуі – экономикалық қауіпсіздікке тікелей қатер. Агенттік осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізуі тиіс», – деді мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ жаңа фискалдық саясат жағдайында нақты айналымды жасыру мақсатында қолма-қол есеп айырысулар көлемінің ұлғайғаны жөнінде сигналдар түсіп жатқанын айтты. Бөлшек саудада сатушылар тауарға екі баға жариялап отыр: қолма-қол ақшасыз төлем үшін бір баға, ал қолма-қол төлем кезінде салық сомасын шегеріп көрсетілетін басқа баға.

«Мұндай жағдайға, әрине, төзуге болмайды, өйткені бұл әрекеттер салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі мемлекеттің күш-жігерін жоққа шығарады», – деді Президент.

28 қаңтарға арналған ресми валюта бағамы: 1 АҚШ доллары – 502,27 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...