Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда Бас прокурордың бірінші орынбасары ауысты

Қазақстанда Бас прокурордың бірінші орынбасары ауысты

|

|

Астана, 29 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өміралиев Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Өміралиев Жандос Жәнібекұлы Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Жандос Өміралиев 2022 жылғы маусым айынан бері Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарып келген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының басқа өкімімен Тимур Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды 2022 жылғы сәуір айынан бастап атқарып келген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.