Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда коммуналдық тарифтер қымбаттайды

Қазақстанда коммуналдық тарифтер қымбаттайды

|

|

Астана. 15 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері көтеріле бермек. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Астанада өткен үкіметтегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Шын мәнінде, тарифтердің өсуі тоқтады деген пікір шындыққа сай келмейді. Тарифтерді көтеру процесі тоқтаған жоқ. Осы мүмкіндікті пайдаланып, тарифтердің өсуі жалғасатынын айтқым келеді», – деді Бектенов.

Оның айтуынша, бұл – жағымсыз әрі ауыр мәселе, бірақ үкімет бұл жөнінде ашық айтып отыр және тарифтерді нарықтық деңгейге жеткізу бағытында жұмыс жүргізуде. «Бұрынғы жылдары тарифтердің ұзақ уақыт бойы қатаң реттелуі және бұл салаға инвестиция салуға мүмкіндік болмағаны 2022–2023 жылдары Екібастұз, Риддер қалаларындағы апаттарға алып келді. Егер біз қыста үйіміз жылы, жарық пен су үзілмей тұрғанын қаласақ, тарифтерді көтеру жолымен жүруге мәжбүрміз», – деді ол.

Сонымен бірге, премьер-министр тарифтердің инфляцияға әсерін азайту мақсатында олардың өсу қарқынына түзету енгізілгенін атап өтті. Еске сала кетейік, үкімет 8 шілдеде өткен отырыста инфляция өсімін тежеу үшін коммуналдық тарифтерді көтеруді кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған болатын.

Отырыс қорытындысында: «Ақылы қызметтер биылғы бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды – 16,1%. Осыған байланысты үкімет коммуналдық тарифтердің өсу қарқынын қайта қарап, олардың бір бөлігін кейінгі кезеңге шегеру туралы шешім қабылдады. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляцияны тұрақтандыруға көмектеседі», – делінген.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып,...

Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектті енгізу бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке...

Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік...

Жыл соңына дейін қазақстандық кәсіпорындар өндірісте жасанды интеллект енгізудің экономикалық нәтижесін көрсетуі тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды...