Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейтілді

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейтілді

|

|

АСТАНА. 3 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Аталған заңның мақсаты – медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілерін күш қолданудан құқықтық тұрғыда қорғауды қамтамасыз ету.

Қылмыстық кодекс жаңа 380-3-баппен толықтырылып, медицина қызметкеріне немесе жедел жәрдем жүргізушісіне өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық көрсетуге немесе көрсету қатеріне жол бергендерге қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жүргізушілеріне күш қолдану қатері төндірілген жағдайда 200-ден 500-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салу, сондай-ақ осы көлемде түзету жұмыстары, 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қолданылады.

Ауырлататын мән-жайлар болғанда – 2 жылдан 3 жылға дейінгі шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер күш қолдану адам өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндірмейтін болса, 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, осы көлемде түзету жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделеді. Ауырлататын мән-жайларда – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану жағдайында – 5 жылдан 10 жылға дейін, ауырлататын мән-жайларда – 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сонымен қатар Қылмыстық-процестік кодекстің 187-бабының 2-бөлігі мен 191-бабының 2-бөлігіне жаңа нормалар енгізіліп, 380-3-бап бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша алдын ала тергеу мен анықтау жүргізу өкілеттігі ішкі істер органдарына бекітілді.

Айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мөлшері – 4 325 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...