Евразия24ЖаңалықтарҚазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

Қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

|

|

АСТАНА. 4 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Талғат Амангелдіұлы – үш мәрте ғарышқа сапар шеккен, ашық ғарыш кеңістігіне шыққан, ерліктері арқылы еліміздің абыройын асқақтатқан қаһарман еді», – делінген ұшқыш-ғарышкердің туған-туыстарына жолданған жеделхатта.
Президент Тоқаев Талғат Мұсабаевтың бүкіл еңбек жолы отандық ғарыш саласының дамуына арналғанын атап өтті.
«Сенат депутаты әрі қоғам қайраткері ретінде ол көптеген ізгі бастамалардың бастамашысы болды. Кәсібилігі мен белсенді азаматтық ұстанымы арқылы жұртшылықтың зор құрметіне ие болған Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.
Талғат Мұсабаев 2025 жылғы 7 қаңтарда 74 жасқа толған еді. Алғаш рет ғарышқа 1994 жылы ұшқан. Ресей Федерациясының Батыры, 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы» атақтарымен марапатталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...