Евразия24ЖаңалықтарҚытай 2024 жылы экспорттаған таза энергия технологиялары жаһандық СО₂ шығарындыларын 1%-ға қысқартуға...

Қытай 2024 жылы экспорттаған таза энергия технологиялары жаһандық СО₂ шығарындыларын 1%-ға қысқартуға мүмкіндік береді

|

|

МӘСКЕУ. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – 2024 жылы Қытай Халық Республикасы экспорттаған күн панельдері, электр көліктері және жел турбиналары сынды таза энергия көздеріне арналған технологиялар жыл сайынғы жаһандық көмірқышқыл газы шығарындыларын шамамен 1%-ға немесе 220 млн тоннаға дейін қысқартуға ықпал етеді. Аталған мәліметтер «Энергетика және таза ауа зерттеу орталығының» (CREA) бас сарапшысы Лаури Милливирта әзірлеген талдау материалында келтірілген. Зерттеу нәтижелері Carbon Brief порталында жарияланды.

Сарапшының есептеулеріне сәйкес, бұл технологиялардың толық пайдалану кезеңі ішінде атмосфераға таралатын парниктік газдар көлемі шамамен 4 млрд тоннаға дейін қысқарады. Өндіріс барысында 2024 жылы бөлінген 110 млн тонна СО₂ мөлшерін ескерсек, құрылғылардың қызмет ету кезеңінде бұл көлем 40 есеге жуық өтелетін болады.

Қытайдан жеткізілген жабдықтар арқылы СО₂ шығарындыларын ең көп қысқартатын елдер қатарында Үндістан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Нидерланд және Таиланд аталды.

Бұдан бөлек, Қытай шетелдерде орналасқан өндірістік нысандар мен жаңартылатын энергия көздеріне бағытталған инвестициялық жобалар арқылы жаһандық шығарындыларды қысқартуға қосымша үлес қосып отыр. 2023–2024 жылдары жарияланған бастамалар іске асқан жағдайда, Қытай аумағынан тыс жерлердегі жаһандық эмиссияны қысқарту көлемі 1,5%-ға дейін ұлғаюы мүмкін.

Атап айтқанда, шетелде орналасқан қытайлық кәсіпорындар өндірген жабдықтар жыл сайын 90 млн тонна СО₂ шығарындыларының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткішке Сауд Арабиясындағы күн панельдерін шығаратын екі зауыт, бір жел турбиналары өндірісі, электромобильдер шығаратын ірі кәсіпорын, сондай-ақ Марокко мен Оманда орналасқан бес аккумулятор зауыты кіреді.

Сонымен қатар, қытайлық инвестициялар есебінен жүзеге асырылып жатқан жаңартылатын энергия жобалары жылына 40 млн тоннаға дейін СО₂ шығарындыларын болдырмауға ықпал етеді. Аталған жобалар құрамына Египет, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Ирак және Тунистегі жалпы қуаты 10 гигаватт болатын сегіз күн электр станциясы мен екі жел электр станциясы енгізілген.

Талдау авторының мәліметінше, Қытай бүгінгі таңда БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге таза энергия технологияларын экспорттап, 25 елде тиісті өндірістік қуаттар ашқан және 27 елде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.