Евразия24ЖаңалықтарҚытай Батыс елдерінің қорғаныс өнеркәсібіне сирек кездесетін металдарды жеткізуді кешіктіріп жатыр

Қытай Батыс елдерінің қорғаныс өнеркәсібіне сирек кездесетін металдарды жеткізуді кешіктіріп жатыр

|

|

ВАШИНГТОН. 4 тамыз. ИНТЕРФАКС – Қытай тарапы сирек кездесетін металдардың Батыс елдеріндегі қорғаныс-өндірістік кәсіпорындарға жеткізілуіне шектеу енгізіп, оларды бұл ресурстардың балама көздерін жедел іздеуге мәжбүрлеуде. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
«Қытай маңызды минералдардың жеткізілімін шектеп, Батыс елдерінің қорғаныс өнімдерін өндірушілерінің өндірістік процесін тежеп отыр және компанияларды қажет шикізатты әлемнің түкпір-түкпірінен іздеуге мәжбүрлеуде», – деп жазылған мақалада.
Басылым бұл металдардың оқ-дәрі, реактивті жойғыш ұшақтар және басқа да қорғаныс құралдарын жасауға қажеттігін атап өтеді.
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары шиеленісіп тұрған тұста, биыл Қытай сирек кездесетін металдарды экспорттауға бақылау шараларын күшейткен еді. Дональд Трамптың әкімшілігі бірқатар сауда саласындағы жеңілдіктерге келіскеннен кейін, Қытай кейбір шектеулерді жұмсартқанымен, қорғаныс мақсатындағы стратегиялық маңызды ресурстарды экспорттауға бақылауды сақтап қалды, делінген мақалада.
The Wall Street Journal-дың деректеріне сәйкес, Қытай әлемдегі сирек кездесетін металдарға деген сұраныстың шамамен 90 пайызын қамтамасыз етіп отыр және бірқатар басқа да маңызды минералдарды өндіруде көш бастап тұр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып,...

Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектті енгізу бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке...

Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік...

Жыл соңына дейін қазақстандық кәсіпорындар өндірісте жасанды интеллект енгізудің экономикалық нәтижесін көрсетуі тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды...