Евразия24ЖаңалықтарReddit әлеуметтік желілерге жасы 16-ға толмағандар үшін тыйымды тоқтату мақсатында сотқа жүгінді

Reddit әлеуметтік желілерге жасы 16-ға толмағандар үшін тыйымды тоқтату мақсатында сотқа жүгінді

|

|

Лондон. 12 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Америкалық Reddit Inc. компаниясы Австралия үкіметіне қарсы сотқа талап-арыз түсірді. Компания 16 жасқа толмаған тұлғалардың өзіне тиесілі Reddit интернет-порталын пайдалануына тыйым салатын шешімді тоқтатуды көздейді. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

Австралияның Жоғарғы сотына берілген талап-арызда Reddit жақында қабылданған заңды жоюды сұрайды. Компанияның пікірінше, бұл заң австралиялық жасөспірімдердің сайлау құқығына ие болуына бірнеше жыл қалғанда саяси пікірталастарға қатысу еркіндігін шектейді.

Сонымен қатар Reddit жасөспірімдерге әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашуға тыйым салу оларды қажетсіз контент пен ықпалдан қорғауда мардымсыз нәтиже береді деп есептейді. Себебі мұндай платформалардағы мазмұнның едәуір бөлігі тіркелмей-ақ қолжетімді.

Компания сондай-ақ өзінің платформасын Австралиядағы жас шектеуі енгізілген «әлеуметтік желілер» санатына жатқызбау жөнінде соттан тануды талап етіп отыр.

Австралия 16 жасқа толмаған тұлғаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел атанды. Тиісті заң 10 желтоқсанда күшіне енді.

Заңға сәйкес, әлеуметтік желілердің әкімшіліктері Австралиядағы балалар мен жасөспірімдердің барлық қолданыстағы аккаунттарын жоюға, сондай-ақ бұл жас тобы үшін жаңа тіркелгілерді ашуға жол бермеуге міндетті. Талаптарды орындамаған жағдайда платформаларға 49,5 млн АҚШ долларына дейін айыппұл салынуы мүмкін.

2005 жылы құрылған Reddit платформасы кез келген қолданушы сұрақ қойып, түрлі сала мамандарынан, соның ішінде саясаткерлер мен танымал тұлғалардан жауап ала алатын форум ретінде белгілі. Соңғы жылдары компания жеке инвесторлар белгілі бір активтермен сауда жасау әрекеттерін үйлестіру үшін жиналатын алаң ретінде де танымал бола түсті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.