Астана. 15 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша өткізілген республикалық референдум аясында шетелде 12 учаскелік комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
«Қазіргі уақытқа дейін шетелдегі 12 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын аяқтап, 8 мың 79 Қазақстан азаматы дауыс берді (қатысу деңгейі – 56,1%)», – делінген СІМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта тағы 59 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, олар Орталық Азия, Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінде орналасқан.
Бүгінгі таңда шетелдегі референдум учаскелері Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия және Таиланд елдерінде жұмысын аяқтады.
Қазақстанда жексенбі күні елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Шетелде Қазақстанның 54 елдегі дипломатиялық өкілдіктерінде 71 учаске ашылған. Онда 14 мың 380 адам дауыс бере алады.




