Евразия24ЖаңалықтарРесей 2029 жылдың соңына дейін Конгода мұнай өнімдері құбырын іске қосуды жоспарлап...

Ресей 2029 жылдың соңына дейін Конгода мұнай өнімдері құбырын іске қосуды жоспарлап отыр

|

|

Мәскеу. 15 қазан. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН – Ресей Федерациясы мен Конго Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім аясында жоспарланған Пуэнт-Нуар – Лутете – Малуко – Трешо бағытындағы мұнай өнімдері құбыры 2029 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Африка елдерімен әріптестік жөніндегі департаментінің директоры Татьяна Довгаленко Ресей энергетикалық апталығы аясындағы іс-шарада хабарлады.

Бұған дейін Ресей бұл жобаны іске асыру арқылы санкциялық шектеулерден қорғалған мұнай өнімдерін жеткізу арнасын құрып, бүкіл аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық әріптес мәртебесіне ие болуға ниетті екені айтылған болатын.

Жобаның келісімі 2024 жылғы 28 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған және онда құрылыс жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар жасау қарастырылған.

Құжатқа сәйкес, жобаны іске асыруға жауапты уәкілетті ұйымдар ретінде ресейлік “Закнефтегазстрой-Прометей” ЖШҚ және Конгоның Ұлттық мұнай компаниясы белгіленген (соңғысы – тапсырыс беруші). Бұл ұйымдар бірлескен кәсіпорын құрады, онда Ресей жағының үлесі – 90%, Конго жағының үлесі – 10% болады.

Жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорынмен 25 жыл мерзімге концессиялық келісім жасалады (құрылыс – иелік ету – пайдалану – тапсыру моделі бойынша). Бұл келісім құбырды пайдалану мен инвестициялардың қайтарымын қамтамасыз ететін кепілді тарифті қарастырады.

Бұған дейін РФ-ның Конгодағы елшісі Георгий Чепик құбыр магистралі Африкадағы ірі қалалар – Пуэнт-Нуар мен ел астанасы Браззавиль арасын жалғайтынын хабарлаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...