Евразия24ЖаңалықтарРФ Үкіметі техникалық күкіртті экспорттауға 2025 жылдың соңына дейін тыйым салды

РФ Үкіметі техникалық күкіртті экспорттауға 2025 жылдың соңына дейін тыйым салды

|

|

Мәскеу. 2 қараша. ИНТЕРФАКС – Ресей Федерациясының Үкіметі техникалық күкіртті сыртқа шығаруға 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл өнім – минералдық тыңайтқыштар өндіруде маңызды шикізат ретінде пайдаланылады.

«Аталған шешім минералдық тыңайтқыштарды өндіру көлемін сақтап қалу үшін ішкі нарыққа шикізат жеткізілімін тұрақтандыруға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген үкімет хабарламасында.

Қол қойылған қаулыға сәйкес, шектеу сұйық, түйіршіктелген және кесек түріндегі күкіртке қолданылады. Тыйым 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады.

Сонымен қатар, бұл уақытша шектеу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне, сондай-ақ Абхазия мен Оңтүстік Осетияға жөнелтілетін жеткізілімдерге қолданылмайды. Бұдан бөлек, күкірт халықаралық транзиттік тасымалдар аясында, гуманитарлық көмек көрсету мақсатында және Шпицберген архипелагында жұмыс істейтін ресейлік ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін сыртқа шығарылуы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуразия қауіпсіздігі мен жаңа геосаяси тәртіп

Алматыда өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аясында былай деп хабарлады: «Сергей Бурутин жиналғандарды ТМД Атқарушы комитетінің және Достастықтың Бас хатшысы Сергей Лебедевтің атынан құттықтады. Аппарат басшысы өз сөзінде халықаралық қауіпсіздік архитектурасы түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанын атап өтті. Бұл үрдіс қазір ерекше айқын көрніс тапқан.

Ұлыбритания полициясы пойыздағы пышақпен жасалған шабуылды теракт ретінде қарастырмайды

Лондон. 2 қараша. ИНТЕРФАКС – Англияда пойыз жолаушыларына жасалған...

Үндістан әскери байланыс спутнигін орбитаға шығарды

Дели. 2 қараша. ИНТЕРФАКС – Үндістан Жер серігі орбитасына...