Евразия24Жаңалықтар«Самұрық-Қазына» мен Huawei цифрлық трансформация бойынша стратегиялық келісімге қол қойды

«Самұрық-Қазына» мен Huawei цифрлық трансформация бойынша стратегиялық келісімге қол қойды

|

|

Астана. 2 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – «Самұрық-Қазына» АҚ мен Huawei Technologies Co. LTD телекоммуникациялық технологияларды енгізу және серверлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі стратегиялық келісімге қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада атап өтілгендей, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei Technologies Co. LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хуа Лянды қабылдап, озық технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ мен Huawei компаниясы арасында инновациялық телекоммуникациялық технологияларды енгізу және серверлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі стратегиялық келісімге қол қойылғанын құптады. Келісім аясында цифрлық трансформация мен орнықты даму бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстандағы IT, жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау салаларында отандық білікті мамандарды даярлау жөніндегі Huawei-дің білім беру бастамаларына ерекше назар аударды.

Huawei – әлемдегі жетекші ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен смарт құрылғыларды жеткізушілердің бірі. Компания 170-тен астам ел мен өңірде қызмет атқарады, 3 миллиардтан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді.

Ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Air Astana, «Қазтелеком», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», KEGOC секілді Қазақстанның стратегиялық маңызды компанияларын басқарады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.