Евразия24ЖаңалықтарШекарадағы өткізу пункттері жаңартылды: көлік ағыны 2,5 есеге өсті

Шекарадағы өткізу пункттері жаңартылды: көлік ағыны 2,5 есеге өсті

|

|

Астана. 12 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда жаңғырту жұмыстарынан кейін «Қазығұрт» (Өзбекстанмен шекарада) және «Темір-баба» (Түрікменстанмен шекарада) өткізу бекеттері пайдалануға берілді, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Қайта жаңғырту жұмыстары қозғалысты тоқтатпай, өткізу қабілетін төмендетпей жүргізілген. Осы мақсатта уақытша қозғалыс сызбасы енгізіліп, кезек күту жағдайына жол берілмей, жүк және жолаушылар тасымалы үздіксіз қамтамасыз етілді.

Жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарып, өткізу мүмкіндігі тәулігіне 1 мың автокөлікке дейін артты. Қазіргі таңда жаңғыртылған бекеттер арқылы көлік ағыны 2,5 есеге ұлғайды. Мәселен, 2022 жылы шекарадан 640 мың көлік өтсе, бүгінде бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жетті.

Жаңартылған «Қазығұрт» өткізу бекеті – халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи технологиялық кешен. Мұнда көлікті автоматты тіркеу жүйесі, заманауи сканерлеу құрылғылары, салмақ-габариттік жүйелер, рентген-телевизиялық құрылғылар, жылукамералар және радиациялық бақылау құралдары орнатылған. Жолаушылар, жеңіл және жүк көліктері үшін жеке жолақтар қарастырылып, қауіпсіздік пен ыңғайлылық арттырылды. Жүк көліктері үшін техникалық бақылаудан тоқтаусыз өтетін автоматтандырылған дәліздер ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар Қаржы министрлігі кедендік рәсімдерді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. «Keden» ақпараттық жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, бұл – толық интеграцияланған цифрлық кеденге көшу. Жүйе экспресс-жүктерді өңдеу, тауарларды есепке алу және виртуалды қоймалармен жұмыс істеуді автоматтандырды. Қазіргі кезде жасанды интеллект негізіндегі тауарлар мен қызметтерді декларациялау модулі іске қосылып жатыр. 2026 жылға қарай бақылау, сараптама және тиімділікті бағалау модульдері енгізіліп, бизнеске арналған рәсімдер едәуір жеңілдетілмек.

Өткізу бекеттерінің ашылуы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шекаралық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылды.

Бағдарлама аясында Қытаймен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен шекарада орналасқан 9 өткізу бекетін жаңғырту көзделген. «Капланбек», «Атамекен», «Көлжат» және «Алакөл» бекеттеріндегі жұмыстар аяқталды. Жыл соңына дейін «Тажен», «Майқапшағай» және «Бақты» өткізу бекеттерін жаңғырту жоспарланып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бельгия Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға несие беру бастамасына қатысты ЕО-дан кепілдіктер талап етуде

ельгия Еуропалық Одақ елдерінен Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға «репарациялық несие» беру бастамасына қатысты өзіне және Euroclear депозитарийіне нақты әрі тәуелсіз құқықтық кепілдіктер беруін талап етуде.

Reddit әлеуметтік желілерге жасы 16-ға толмағандар үшін тыйымды тоқтату мақсатында сотқа жүгінді

Америкалық Reddit Inc. компаниясы Австралия үкіметіне қарсы сотқа талап-арыз түсірді.Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

Ақ үй АҚШ қарсыластарына қарсы хакерлік шабуылдарға жеке компанияларды тартуды көздеп отыр

АҚШ билігі елдің қарсыластарына қарсы кибершабуылдар жүргізу үшін жеке компанияларды тартуды жоспарлап отыр. Бұл ретте бұған дейін тек арнайы қызметтердің құзыретіне кірген өкілеттіктерді компанияларға беру көзделуде. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі жұма күні хабарлады.

Қазақстан жаһандық су ұйымын құруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ел су ресурстары саласындағы жаһандық мәселелерді жүйелі шешу үшін халықаралық су ұйымын құруды ұсынады.