Евразия24ЖаңалықтарШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінде 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы және бірқатар...

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінде 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы және бірқатар басқа да құжаттар қабылданды

|

|

 

Астана. 1 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі барысында 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы да бар жиырма құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар Тяньцзинь декларациясын, сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған ШЫҰ кеңістігінде экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастық бағдарламасын бекітті.

Экономикалық бағыттағы бірқатар құжаттар да қабылданды. Атап айтқанда, ШЫҰ-ның 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастығын дамыту стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы және энергетиканың тұрақты дамуы туралы мәлімдеме мақұлданды.

Сонымен қатар, цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы мәлімдеме, жасанды интеллект саласындағы халықаралық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы, сондай-ақ ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемелер қабылданды. Бұған қоса, ШЫҰ-ға мүше елдердің уәкілетті органдары тұрақты даму саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту және “жасыл” индустрия бойынша өзара іс-қимыл жасау туралы мәлімдемелерге қол қойды.

Кеңес барысында көпжақты сауда жүйесін қолдау туралы бірлескен мәлімдеме де қабылданды.

Сонымен қатар, ШЫҰ елдері есірткіге қарсы күрес бағытындағы ынтымақтастықты күшейту мақсатында Есірткіге қарсы орталық құру туралы келісім мен ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы әмбебап орталық туралы келісімді бекітті. Сондай-ақ, есірткі мәселесін тиімді шешу мен оған қарсы күрестегі күш-жігерді үйлестіру жөніндегі мәлімдеме де қабылданды.

Шешімге сәйкес, Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласы 2025–2026 жылдары ШЫҰ-ның туристік және мәдени астанасы болып жарияланды.

Бұдан бөлек, кеңес шешімімен Лаос Халық Демократиялық Республикасына ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктесі мәртебесі берілді. Сонымен бірге, ШЫҰ-ға ТМД жанындағы байқаушы мәртебесі де берілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...